Дана кітап
Он милосерд: Он Магомету
Открыл сияющий Коран.
Да притечем и мы к свету,
И да падет с очей туман.
Александр Пушкин
Проклят тот,
Кто велений Корана не слышит,
Кто угас для молитв и битв, –
Кто для жизни не дышит...
Иван Бунин
Пушкин түгел оқып шығып Құранды,
Бірде бір сөз таба алмаған күмәнді.
«Қарғыс атар тыңдамаса Құранды!» –
Деген екен Иван Бунин сыралғы.
Ғалым Кусто от пен суға шыдамды,
Көзі жетіп, қастерлеген Құранды.
Өмірі нұсқа, жүрген талай тартыста
Мұхамбетті мойындаған Маркс та.
Басқа дінге нағыз шындық алыс қой,
«Мұсылман деп таны!» – деген Толстой.
Бұл жалғаннан ақиқатты қалаған
Гете де өзін мұсылман деп санаған.
Өмірінде асып-тасып, саспаған,
Кант бар ісін «Бісімілладан» бастаған.
Құл Қожахмет жасап Хаққа құлшылық,
Бүгін оның орнына тұр гүл шығып.
Қажылыққа барып қайтқан Шәкәрім
Толтыр деген мұсылманның қатарын.
Пенделердің бақытты Һәм құсалы
Толып жатыр айтып кеткен мысалы.
Олай болса, толып жатыр дәлел де,
Құран кәрім – дана кітап әлемде.