13.07.2022
  99


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ислам

Narrisch, daß jeder in seinem Falle
Seine besondere Meinung preist!
Wenn Islam Gott ergeben heißt,
In Islam leben und sterben wir alle.
Анау-мынау нәрсе туралы оңды-солды ой шығындау – қандай
ақымақтық. Егер Ислам Аллаға мойынсұну болса,біз бәріміз
Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз.
Иоганн Гете



Жасаған күнә алғашқы
Адамның діні – Ислам.
Ұрпаққа кейін жалғасты
Ғаламның діні – Ислам.
Сөздері жұртқа тараған
Мұсаның діні – Ислам.
Кәпірлер Құдай санаған
Исаның діні – Ислам.
Құрсақта жатып жетілген
Баланың діні – Ислам.
Мінәжат жасап, өкінген
Дананың діні – Ислам.





Пікір жазу