12.07.2022
106
ТІЛЕК
Күй келмей көңіліме жарасарлық,
Қалыпты ақ арманым аласарып.
Өзіңсің жазылмайтын мәңгілікке
Кетті ғой қара көзің жара салып.
Талдырып өзің үшін білегіңді,
Жолыңа үміт күтіп гүл егілді.
Сен менің тәңірімсің, қарақат көз,
Емдеші жүрегімді, жүрегімді.
Жан емес еді, сірә, сый сұраған,
Әрқашан сен дегенде сыйшыл ағаң.
Қалсын бір төбем менің көкке жетіп,
Күлкіңді тым болмаса қишы маған!