12.07.2022
  131


Автор: Шабаз Иманалиев

СВЕТҚАЛИҒА

Жандармыз ғой табиғат құлынындай,
Қалғандармыз алтынның сынығындай.
Өлең бізді барады қылғындырып,
Тырп еткізбес жылқышы құрығындай.
Шындық үшін ұшардай жардан дәйім,
Қадіріңді білетін бар ма ағайын?!
Көкті тескен құлағы сәйгүліктей,
Светжан, мен өзіңнен айналайын!
Әр әуенді тыңдаймыз құлақ түріп,
Күлеміз де ішіміз жылап тұрып.
Нағыз асыл қалады жарқыраумен,
Түн-түнекті алысқа лақтырып.





Пікір жазу