12.07.2022
107
«Анам» деп те айта алмай...
«Анам» деп те айта алмай,
«Әкем» деп те айта алмай,
Қырыққа жақын келдім мен,
Жақсылықтарыңды қайтармай.
Кейде бір жұмсақ төсекте
Ұйықтамай шығып төңбекшіп;
«Біз керім болдық» десек те,
Кіреді көп білместік.
Сендерсіз күнім қараң-ау,
Бір кемің болып қалам-ау.
Әжімін сүйдім көзіңнің,
Аяулы менің анам-ау!
Жанардан тамшы үзіліп,
Жасып та кейде қалам мен.
Өтеді күндер тізіліп,
Сендер жаққан алаумен.
Ешкімге сырды білдірмей,
Жарқылдап жүрем үнемі.
Әр күнім менің бір күндей,
Тек жаным ғана біледі.