12.07.2022
  243


Автор: Шабаз Иманалиев

ДӘРІШ АПАМ СЕКСЕНДЕ

немесе үлгілі өмір туралы сөз
Апа,
Біз үйренген әріпсіз,
Кішкене бойлы алыпсыз.
Қанатында жылдардың
Сексенге келіп қалыпсыз.
Мұқалмас, тозбас төзімдей,
Шыдамдылықтың өзіндей.
Нағимаш, Айман секілді
Аналарымның көзіндей.
Ұйқысыз өткен түндерді,
Күлкісіз өткен күндерді
Көріп келе жатырсың,
Жоғалтпадық кімдерді?!
Аққу қанат армандай,
Көкке көпір салғандай.
Жібек желдей есіліп,
Келесің мына жалғанда-ай.
Армансыз адам болған ба,
Жолақ та, шолақ жалғанда?!
Сіз – мәуелі жеміс ағашы
Ерекше өскен орманда.
Шуақ шашып маңайға,
Жақсылық еттің талайға.
Төкеңді Төкең жасаған
Еңбегіңіз оңай ма?!
Апа, өзің жол басы,
Еңбегіңіз жалғассын.
Бақытты болсын өренің,
Баба әруақ қолдасын!
Ұрпаққа ұрпақ жалғасар,
Ат жалына жармасар.
Сіздің мінез ұлға үлгі,
Алаңғасар болмаса.
Балалар өмір жолында,
Таныды оңын-солын да.
Әзілі жоқтың аузында,
Шоқпары жүрер қолында.
Жүргеннен дом боп ісініп,
Аулақ қонар кісілік.
Әзілден берік қамал жоқ,
Әзілді жүргей түсініп.
Балалар – алтын асықтай,
Келіндер – күміс қасықтай.
Жүре бер, Апа, ортада,
Ана бір жаққа асықпай.
Таза боп ниет барлығы,
Қаза боп көңіл тарлығы.
Тап бүгіндей өтсінші
Жан Апаның бар күні.
Биікке ұшар ізденген,
Тәлім көп елге біз берген.
Именіп сізден тұрамыз
Алпыстан асқан біздер де.
Жалған дегенді білмейсің,
Жақсылық отын үрлейсің.
Қызығын көріп ұл-қыздың,
Әлі де аман жүргейсің!





Пікір жазу