12.07.2022
156
САБЫРДЫҢ «АҚЫН БОЛЫП ТУҒАНША..» ДЕГЕН ӨЛЕҢІНЕ ОРАЙ
Сабыр болып туғанша жүйкеңді жеп,
Күріш болып тусаңшы икемдірек.
Жап-жалаңаш жүрекке не тимейді,
Ренжіме әлдене сүйкенді деп.
Ақылсыз боп тумайды ақын адам,
Қиянатшыл келмейді жақын оған.
Ол жұлдыз боп қалады зеңгір көкте,
Кездерде де қара жер қақыраған.
Жел құлатпас жалғанда бар ма қайың,
Ара түсер, айтшы сен, бар ма ағайын?!
Ақырзаман әкетер періштеңді,
Ақын қалар мәңгілік, айналайын!