12.07.2022
  97


Автор: Шабаз Иманалиев

Көп сырлар кетер ішінде

Көп сырлар кетер ішінде
Дүниеден өткен пенденің.
Дым білмеген пішінде
Өмірдің тоқып өрнегін,
Қызықтап дүние ермегін.
Біраз жасқа келсек те,
Біткен істер шамалы.
Ой маржанын терсек те,
Ажал іздеп табады,
Біздерсіз өмір ағады.
Ағады өмір-өзендер,
Асығып алға барады.
Артында қалып кезеңдер,
Жандары ұшып барады,
Тәндері жерде қалады.





Пікір жазу