meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  155


Автор: Шабаз Иманалиев

Ақтан болды еңбегім...

Ақтан болды еңбегім,
Қара құшаққа енбедім.
Ардақтайтын шығар-ау
Адалдығымды ел менің.
Таттым дүние кермегін,
Аз қиындық көрмедім.
Алысып келем араммен,
Жақсыны жауға бермедім.





Пікір жазу