12.07.2022
1279
ҰЗАҚБАЙ – 70
Аппақ жан аппақ сезімдей,
Адалдықтың көзіндей.
Жетпіске келер азамат
Таза келсін өзіңдей.
Бақыт тілеп баршаға,
Игілік еттің қаншама!
Жетпіс түгіл, тоқсанда
Жақсылықтан шаршама!
Қызыққа пенде тоймаған,
Қай жасын да тойлаған.
Шауып қалған тарланбыз,
Ойқастауын қоймаған.
Барлық досқа қажетсің,
Қиындықта өжетсің.
Қуанышта биязы,
Мінезіңе не жетсін!
Жақсысын достың жинадың,
Жамандыққа қимадың.
Көзіңде жанып тұрады
Адалдық атты иманың.
Болдың достың мерейі,
Болдың қастың үрейі.
Аузың ашсаң болғаны –
Көрініп тұрған көмейі.
Жылдарың жеткей ұзаққа,
Жетпіске келген Ұзақбай!
Енді отыз жыл немене,
Жүзге жеткін ұзатпай!
Самарқауға жай тастап,
Сергектерге ой тастап;
Жетпіс деген немене,
Жүзге де жет ойқастап!