12.07.2022
176
Адам боп атқа мінгесін...
Адам боп атқа мінгесін,
Кісілікті ту көтер.
Бекітпесең іргесін,
Бақыт келіп, бір кетер.
Жамандық өтсе қасымнан,
Көңілім талай күйреген.
Жүрегім айнып ласынан,
Бүгінге дейін жиренем.
Адалдық пен арамдық
Қатар жасап келіскен.
Бәрін көрген көзімен,
Шіркін, пенде, не десем!?