12.07.2022
  99


Автор: Шабаз Иманалиев

Ажал атты сұрмерген...

Ажал атты сұрмерген,
Атып алды барғанды.
Аялы сіздің алақан
Араша оған болмайды.
Бауырыңнан ұшқан балапан
Енді ұяңа қонбайды.
Бауыр етінен айырылған –
Ата-анаға сол қайғы.
Қайта оралмас ұяға
Ұшып кеткен қияға.
Үкілеп жүрген ақ гүлін
Өлімге адам қия ма?!
Қимайды, тіпті қимайды,
Өзінің жанын қинайды.
Тыпырлап жатқан жүрегің
Кең кеудеңе сыймайды.
Сыймайды жүрек кеудеге,
Қайғырды қалың ел неге?!
Жерлесең де перзентті,
Үмітіңді жерлеме!
Шүкірлік қылып, сабыр ет,
Осы лайық пендеге.
Бәріміз түбі кетеміз,
Тұрған жоқпыз көрмеде.





Пікір жазу