12.07.2022
98
Мен ездерді әуелден тапшы көрдім...
Мен ездерді әуелден тапшы көрдім,
Ел емес, өзін ойлар басшы көрдім.
Ойлайтын ердің қамын, елдің қамын
Мен осы Ләззатты жақсы көрдім.
Жақсы көрдім мінезін, адамдығын,
Жақсы көрдім адамға адалдығын.
Мен айтпасам, осыны кім айтады?!
Шындық үшін жаралдым, жаралды үнім.
Адамдар бар қамшысын өре алмаған,
Керек кезде шылбырын бере алмаған.
Екіжүзді аярдан не күтесің,
Жақсы жанға жақсы боп ере алмаған?!
Биік ұстап келеді кісілігін,
Үлкендігін және де кішілігін.
Көп тындырып, көпірмей келеді ылғи,
Ұрпаққа үлгі болар ісі мұның.