12.07.2022
107
Аллаға мына неғылдым?
Аллаға мына неғылдым?
Алау от боп жағылдым.
Жүрегім сыймай кеудеме,
Ақ Еркінді сағындым.
Ақ марал болған жаным-ай,
Өсек-өтірік дарымай.
Адамдарды аяймын,
Сезімге жүрген жарымай.
Жүрегім менің өртеніп,
Бұлдырлау болып ертеңім,
Түсіме еніп жүресің,
Қасыңа барып мен сенің.
Қайғы басып еңсені,
Ұмытып жұмыс, кеңсені.
Аппақ жарым Еркін-ай,
Сағынып жүрмін мен сені!