12.07.2022
111
Өкініштерің өрт болып...
Өкініштерің өрт болып,
Кеуделеріңде қалды-ау.
Көрмегендерің көп болып,
Арттарыңда қалды-ау.
Ғашықтың күйі тындырмай,
Ғарышқа сені аттатты-ау.
Құрдымы күшті құрғырдай,
Соңыңнан сені жоқтатты-ау.
Тойларың да болған жоқ,
Ойларың да солған жоқ.
Қызықтарыңды көрсетпей,
Өтіп кетті дүние боқ.
Жарқ ете түскен жасындай,
Тағдырларың қосылмай.
Бір гүлдерің ашылмай,
Өмірден өттің осылай.