12.07.2022
  115


Автор: Шабаз Иманалиев

Тағдыр қатал, қатал едің дегенмен...

Тағдыр қатал, қатал едің дегенмен,
Тірі болсаң, сен алпысқа келер ең.
Шашу шашып жатпас па еді бүгінде
Жалғыз жарың, балаларың, немерең.
Батып сонау тұңғиыққа жатырсың,
Құлап кетіп Өмір деген кемеден.
Кеттің солай қара жерге шым батып,
Ақ бейітің міз бақпайды, тұр қатып.
Ең болмаса назыңды да айтпадың,
Бұл дүниеден өтеріңде тіл қатып.
Айтпағаның – бәлкім, маған сенгенің,
Мүмкін, өлім төнгенін де білмедің.
«Артымда қап, жоқтап жүргін» дедің бе,
Әйтеуір мен тірі қалдым, өлмедім.
Ей, Еркін-ай, қандай еді талғамың!
Жақын қылып алысты, туыс етіп алғаның.
Тұлға тұтып өзімді,
Бір ауыр сөзге бармадың...





Пікір жазу