12.07.2022
172
УКРАИНА ОРМАНЫ
Жатыр теңіз, жасыл теңіз – ну орман,
Жер-ананы сұлулықпен суарған.
Аялайды орман гүлін сал-самал,
Селт етеді ол да түбір қуарған.
Дір етеді жүрегі де адамның,
Тал бойыңды бір сәт билеп алар мұң.
Өткен күнді ой елегі өткізіп,
Келер күнге, өздеріңдей алаңмын.
Сонау жылдар бұл орманды өрт шалған,
Ақ қайыңның кеудесінде оқ қалған.
Осы орманда талай өмір теңселген,
Осы орманда талай өмір жоқ болған.
Желбіреген мынау жасыл ормандар –
Орман емес, үзілмеген армандар.
Ұққан жанға көп сыр айтып тұрады
Туған жердің орманы боп қалғандар.