12.07.2022
101
Аяулы Сырдың бойына
Аяулы Сырдың бойына
Қыз іздеп келген жоқ едім.
Орнадың, қалқам, ойыма,
Бұрын да «Таптым» деп едім.
«Аға» деп, қолың ұсындың,
Кірпігің неге дір етті?
Өзің де, мен де қысылдым,
Тулаттың асау жүректі.
Осыншама жаныңнан
Тез кетемін демеп ем.
Ажыратты-ау барымнан,
Жолдар сансыз не деген!
Көз нұрыңнан нәр алғам,
Жүректе кетті гүл өсіп.
Бір кеудеде сан арман,
Кім жетпек екен түгесіп?!
Алыстан келген ағаңның,
Қайтқаны алып олжа-мұң.
Арманы көп қой адамның,
Біреуі болып қал, жаным!