12.07.2022
110
СЫР
Достарым әр кез көп-тұғын,
Арманға қанат қақтырған.
Қастарым менің жоқ-тұғын,
Ізіме тас лақтырған.
Жүзі жылы адамға
Жанымнан ұшар алғыс бар.
Шайпау тілді жаманға
Қалқаным бар алға ұстар.
Қылыққа орай кез келген
Әзілім бар ғой ашылар.
Сырымды білмес өзгеден
Ашуым болса жасырар.
Бір кірбің кірсе кеудеге,
Күрсіне, жүдеп қаласың.
Ал бірақ «жаман» деуге де
Қимаймын адам баласын.