12.07.2022
97
БАҚЫТ
Бақытқа жол біреу-ақ па, көп пе әлде,
Түсіндірші, бақытыңның өзі не?
Бақыт деген бар нәрсе ме, жоқ па әлде,
Көрдіңдер ме тура қарап көзіне?
Келе ме өзі, іздейсің бе түн қатып,
Сол бақытың тұрақты ма, кезбе ме?
Жете ме осы бір кісіге бір бақыт,
Бақытыңнан ауыса ма өзгеге?
Бақыт іздеп жолға шығып көрдің бе,
Иесінен бақыт бар ма адасқан?
Сен оларды қайтарысып бердің бе,
Жақсылығыңды айта ма жұрт жанасқан?
Бұта-бытқыл әуре қылып күнімен,
Бір кез сайрап жол шығады-ау жатыққа.
Өмір деген бар қуаныш, мұңымен,
Осы біздер көп айтатын бақыт па?!