meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  136


Автор: Шабаз Иманалиев

ОЙ

Мені де құндағына бөлепті өлең,
Қырандай қанат алған түлеп келем.
Өлеңнің сахарасы – айдынында
Бұрын мен жыр-сұлудан гүл екпеп ем.
Жіберер мені кейде ой лақтырып,
Қолыма қалам беріп, ойлаттырып.
Меруеттей тұнық жолды өлеңдерді
Жазғандай секілденіп бойлап тұрып.





Пікір жазу