12.07.2022
  165


Автор: Шабаз Иманалиев

ОТАН

Отан, Отан!
Қандай ыстық ұлы есім?!
Өзің мәңгі жүрегімде жүресің.
Бір пайдаңа мен де сенің жарасам,
Емес пе сол менің қосқан үлесім?!
Берші маған ең ауырын бір істің,
Келе берер бір ісіңе кіріскім.
Әрқашанда, Отан-ана, сөзім сол:
Әр ісіңе болаттаймын, құрышпын.





Пікір жазу