12.07.2022
256
ЖАС АҚЫНДАРҒА
Қырандай жаңа ұшқан талабыңды,
Өлеңге таңба салған танабыңды;
Сәт сапар тілеп саған құттықтадым,
Жас ақын, жаңа басқан қадамыңды.
Өлеңге сен келесің аласұрып,
Сыймастай шабытың бар шын асығып.
Амал не, өтпей жатып жылдар, айлар,
Қаласың су сепкендей құр басылып.
Жетпей-ақ өр өкпесі талап пісіп,
Болмай-ақ жолына өлең қалам түсіп.
Әттең, сен кетесің-ау, кетесің-ау,
Талапты кем қылатын арақты ішіп.