12.07.2022
  114


Автор: Шабаз Иманалиев

БАЛЫҚШЫЛАР

Ақ желкенді жел үрлесе,
Теңіз беті көбіктеніп;
Аспан бұлттан көрінбесе,
Түн-түнекке ерік беріп;
Илеп жатса долы дауыл,
Тау-толқынды қамыр қылып;
Күркіреп күн, құйса жауын,
Жай аспанды жалын қылып;
Әрі итеріп-бері жығып,
Батырардай кемелерді.
Бұл табиғат нені ұғынып,
Теңізге ашу неге берді?
Мұндай қатал мектеп көрген
Ел сенімін алып шығар.
Көк теңізді ерттеп мінген
Мықты халық– балықшылар.





Пікір жазу