12.07.2022
  98


Автор: Шабаз Иманалиев

Тереземді көктем-тамшы қаққанда...

Тереземді көктем-тамшы қаққанда,
Жылғалармен сырғып сулар аққанда;
Бар дүние бүршік жарып жатқанда,
Тұрғанымды ұмытамын ақпанда.
Көктем күні балбыраған далам-ай,
Жан-жағыңа елтең-селтең қарамай;
Омырауыңнан жұпар шашып әлемге,
Жатырсың сен дүниеге ұл әкелген анадай.





Пікір жазу