12.07.2022
110

Жыршы құстар ән айтып...
Жыршы құстар ән айтып,
Сайрады үнмен не қилы.
Сыр да суын молайтып,
Көктемнің лебі аңқыды.
Теректер бұйра кекілді,
Әндетіп әзіл өлеңді;
Күлдіріп жатқан секілді
Шиыршық атқан өзенді.
Самалдың сөзі: «Жүр де-жүр»,
Шақырар қайда, біледі.
Жетерде саған бұл көңіл
Қанатын құстың іледі.