12.07.2022
  149


Автор: Шабаз Иманалиев

АҒАҒА ХАТ

Қуана алып хатыңды,
Отырған інің бар мұнда.
Әкелген рахатымды
Сәлеміңіз алдымда.
Ойыммен онда жүз бардым,
Сәлем Сізге, басқаға.
Балаңнан сені қызғандым,
Жайдары мінез жақсы аға.
Ойыма алсам кей кез бір,
Сыйласып жүрген аз күнді,
Шаттанам-дағы беймезгіл,
Жайланам сырмен мазмұнды.
Көңілде жатыр ырзалық,
Сезімге орап тастаған.
Емес бұл құрғақ мырзалық,
Шын сырым сізге, жақсы ағам.
Айтарым сізге– амандық,
Осынау парақ қағаздан.
Көңіліңізді алаң қып,
Тағы да сәлем Шабаздан!





Пікір жазу