meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  127


Автор: Шабаз Иманалиев

СЫР

Армысың, аяулы Сыр, көп аңсаған!
Елінен Ақ Жайықтың сәлем саған!
Кеудеде толқын ұрған қуаныш бар,
Ой қанатты-ау, әйтсе де, өлең шабан.
Айдынға Ай шомылған мұз қонған ба,
Өкпелеп қатты ма екен күз болғанда?!
Табиғат әлде Сырдың көп толқынын
Жыр еткен ақындардан қызғанған ба?!
Ызғарын елемедім мен мұз, қардың,
Жағаңа жаяулатып жалғыз бардым.
Көріндің егізіндей Жайығымның,
Өзіңді өзгелерден мен қызғандым.





Пікір жазу