meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  130


Автор: Шабаз Иманалиев

АРМАН

Көп ойлар зеңгір көкке көтеріліп,
Ақ бұлтқа арманымды кетеді іліп.
Мен соған қол созамын жер төсінен,
Әйтеуір бұл кеудеде жетеді үміт.
Құштармын, құшпай, сірә, тыным алман,
Мен бе екем оты сөніп, күлі қалған?!
Сен мені тыныштықтан қызғанасың,
Білемін мұрат жүгін, сұлу арман!





Пікір жазу