12.07.2022
102
ТҰМАН
Бір тұман көктің жүзін бүркемелеп,
Өсектей мазасыз дым тұр себелеп.
Ай сұлу көрінбейді ұялғаннан,
Бұлттарды тасаланып жүрсе керек.
Аспанның күндіз Күндей шырағы бар,
Ай күліп түн баласы шығары бар.
Өкініш:
Кейбір қуыс кеуделердің,
Ашылмас өмір-бақи тұманы бар...