12.07.2022
114
КҮЗ
Желменен ұйқы-тұйқы жағаласып,
Қара бұлт үйір-үйір барады асып.
Төсінен көтеріліп соңғы құсы,
Көл жатыр жасты көзін әрең ашып.
Ал, сау бол, көл еркесі көлеңдеген,
Мен бірақ саған еріп, елеңдемен.
Кеудем – жаз, шалқар ойдың айдынына
Өз құсым қонып жатыр өлең деген...