12.07.2022
113
Қызыл гүл ұсынғанда
Қызыл гүл ұсынғанда
Қысылдың әлденеге.
Сол сәтте қысылдың ба,
Ұялып әлде менен?!
Шығайық, жүгірейік,
Қыр-кілем басына бір.
Аз ғана кідірейік,
Тағайын шашыңа гүл.
Отырсақ қиялданып,
Үнсіз-ақ бір тілменен.
Кеудеге сияр неғып
Бұл жүрек лүпілдеген?!.
Жай ғана сыбырла сен:
«Ұмытып кетпеші», – деп.
Құшайын:
«Ғұмырда сен
Көз жасың төкпеші», – деп.