12.07.2022
106
АЙТШЫ СЕН
Барады күн артынан күндер өтіп,
Сен жүрсің ойыма кеп, бірде кетіп.
Айтшы сен, осы күні аялайды,
Кім сені оятады түнделетіп?
Жүрсің бе, бұрынғыша баққа барып,
Жүрсің бе ләззатты жаттан алып?
Айтшы сен, осы күні кімге айтасың
Бұлбұлдың салған әнін жаттап алып?
Әлде бір жүресің бе мұңға батып,
Сол бақта күздің күні таңға қатып?!
Айтшы сен, ойлайсың ба, сол махаббат
Берді екен кімге уайым, кімге бақыт?!
Жоқ менде өкініш те, қуаныш та,
Қалғандай сол сезімдер түу алыста.
Айтшы сен, ойда жоқта кездестік қой,
Жүректе реніш пе, жұбаныш па?!