12.07.2022
87
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-11-21-45-27.png)
ҚАЙЫҢ
Идіреді басын жерге
Күздің селі құйылып кеп.
Ұмтылды ол болмай желге,
Жауын қалды ұйлығып тек.
Көз байланған қысқы кеште,
Табысына бастан сеніп;
Иықтайды ақ түтек те,
Ұстайды да қолдан келіп.
Әлі келмей, есі шығар,
Жас қайыңға бұраңдаған.
Ал қайыңның күткені бар,
Жан-тәнімен адал соған.