12.07.2022
  112


Автор: Шабаз Иманалиев

Қ-НЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ

Бала едік, бәріміз балғын ек те,
Арманы толып тұрған жан-жүректе.
Бұл күнде біреулерге аға боппыз,
Дос боппыз шын ниетпен сан жүрекке.
Шұбырып соңымызда жылдар қалды,
Қызықты өздерінше сырлар қалды.
Кім білсін, алдымызда гүлдер бар ма,
Кім білсін, жатыр ма екен қырлар қарлы?
Кім білсін, алда біздің қиындар көп,
Кім білсін, мүмкін, сауық-жиындар көп.
Кім білсін, алда жайлы шуақты күн,
Кім білсін, мүмкін дауыл, құйындар көп?
Мейлі, өмір тарта берсін әрнемесін,
Көңілдің өр теңізге сал кемесін.
Кезекпен келе берсін жыл бақытпен,
Қуанып қарсы ал, Қ..., әр белесін!





Пікір жазу