12.07.2022
99
Шығарып естен ғажап көп күндерді...
Шығарып естен ғажап көп күндерді,
Сен кеттің махаббатты лақтырып.
Еске алып жүрек тербер өткендерді,
Ол қалды-ау нәзік жаны жылап тұрып.
Кербез қыз, кердең басып, шалқалаған,
Сұлусың бір көрмеге, оның рас.
Мойныңда күнәң бар ғой арқалаған,
Болғанмен бетің таза, жаның лас!