12.07.2022
97
Әр кезде жасырудан жалықпаған,
Әр кезде жасырудан жалықпаған,
Көңілдің сырлары бар жан ұқпаған.
Көрген жоқ оған ешкім еншілес боп,
Айтпаймын, жан түбінде алып қалам.
«Әлі мен қияға ұшқан түлек емен»,
Деймін де, үнсіз ғана жүре берем.
Тезірек тілге оралмай, шаршатып ап,
Көкірек қоймасында күледі өлең...