12.07.2022
  132


Автор: Шабаз Иманалиев

ПУШКИННЕН

Мен сүйдім,
Менің әлі махаббатым
Сөнбеген шығар, бәлкім, жан түбінде.
Себеп жоқ бірақ сізге мұңаятын,
Сізді мұңға қиямын қайсы күнде?!
Мен сүйдім сізді үмітсіз, үн шығармай,
Шаршаулы, бір қызына, бір жасқана.
Мен сүйдім сізді отты, нәзік сондай,
Сүйікті бола алсаңыз сіз басқаға.





Пікір жазу