12.07.2022
  91


Автор: Шабаз Иманалиев

ОРАЛАМ

Жүгіріп Ай аспанда бала қаздай,
Желпиді селдір бұлт орамалын.
Сәулешім, бері қарашы алағызбай,
Қалай ед әсем мұңмен қарағаның?
Жүзіңде уайым да бар, сенім де бар,
Мүдірдің, үндемедің, дедің де: «Қал!».
Япыр-ай, қалай дейін, қайтсем екен?!
Жүрегім алай-түлей менің де зар.
Барамын оқу іздеп түу алысқа,
Жаным-ау, бұл бір сапар қуанышқа.
Әңгіме – жүректе ғой, жүректе ғой,
Оралам,
Жер алысы – шын алыс па?!





Пікір жазу