12.07.2022
  186


Автор: Шабаз Иманалиев

Жылыстап көк жүзінде көлбей беріп...

Жылыстап көк жүзінде көлбей беріп,
Көшеді жел қузаған бұлттар өріп.
Найзағай зәбір берген ару аспан
Тоқтады көздің жасын төгіп-төгіп.
Жел қозғап сабағынан жапырақты,
Үстінен мөлт еткізіп тамшы қақты.
Жоқ жерде «Ау, мен неге бұзылдым» деп,
Аспан күлді, күлдірді атырапты.
Жүгірсем бәтеңкемді тастап шешіп,
Тізіле жеткен моншақ шықты кешіп.
Күлісіп, мені қыздар мазақтар ма,
«Бұл неткен бала сынды жігіт?» десіп?!





Пікір жазу