12.07.2022
  85


Автор: Шабаз Иманалиев

ҚҰМАР ДОС

Осы сөз көкірегімнен жарып шықты,
Асыл ғой,
Тыңда демек жарықтықты.
Өзіңді құрмет тұтқан сый көңілдің
Түбінен өз бөлігін алып шықты.
Ойсызды «ақымақ» дер біздің халық,
Ойсыз бол дей аламын саған неғып?!
Тек қана жаман-жәутік уайымның
Ығына құлай көрме деймін налып.
Өмірде қиындықтар бар шығар-ақ,
Жеңеді қаймықпаған қарсы қарап.
Құмеке, аулақпыз ғой жүргендерден
Күй таңдап, қипаң қағып, жай сағалап.





Пікір жазу