12.07.2022
  103


Автор: Шабаз Иманалиев

Түн тұрды бізді аялап...

Түн тұрды бізді аялап,
Құндақтап айдың сәулесі.
Қалған жоқ барын аяп-ақ
Даланың жайлы бұл кеші.
Ерке жел де тұр тынып,
Тыңдауда бір өзіңді.
Жүрегім кетті жұлқынып,
Тауыстың, жаным, төзімді.
Тынып та қалды ерке жел,
Тыңдап ол да өзіңді.
Сырыңды, сәуле, шерте бер,
Тербей түс нәзік сезімді!





Пікір жазу