12.07.2022
  105


Автор: Шабаз Иманалиев

КӨКТЕМГІ КЕШТЕ, ЖАҒАДА

Тұрды көктем ән айтып,
Бір жерде емес, әр жерде.
Ақ Жайық суын молайтып,
Сипатып төсін сал желге.
Ағынмен айдың суреті
Зулайды қалқып сәндене.
Құшағын жазбай су беті,
Сүйеді оны әрлене.
Төнеді қайың жағадан,
Жапырағын жел тарап.
Осынау әсем айнадан
Сұлу жүзін бір қарап.
Теректер бұйра кекілді,
Әндетіп әзіл өлеңді.
Күлдіріп жатқан секілді
Шиыршық атқан өзенді.
Мені де күлкі кернейді,
Бойымда жастық, жаным шат.
Мені де өлең кернейді
Көктемгі кеште рахат!





Пікір жазу