12.07.2022
180
МЕНІҢ ГҮЛІМ – СЕНІҢ ӨЗІҢ
Мәз ғып гүлді,
Көктем келді,
Би биледі құрақ.
Сыңсып ағып,
Сылдыр қағып,
Әнге салды бұлақ.
Баяу ән сап,
Бір сені аңсап,
Мұңға батты жаным.
Менің гүлім –
Сенің өзің,
Түсінбепсің, жарым.