12.07.2022
113
ЕМЕССІҢ МЕНДІК
Ішінде жастар думанды,
Отырмын оймен алысып.
Шаршады, көзім суланды,
Көңілмен бәске жарысып.
Естіген сөзім жаңағы,
Жанымды өртеп кетті ме?
Кеудемді жалын жалады,
Сағынып келіп, өпті де.
Дегенің: «Сүйген кісім бар» –
Шығарып салма сөзің бе?
Боларсың бірге көп жылдар,
Егде тартқан кезімде.
Келмеген еді көңілге,
«Өзгені менен сүйер» деп.
Жабысар деп ем ерінге,
«Сендікпін» деген ыстық леп.
Болсаң да енді жатқа жар,
Айтамын өзім кесімін.
Емессің мендік...
Сақталар
Жүрегімде есімің.