12.07.2022
  192


Автор: Шабаз Иманалиев

ЖЫЛҚЫШЫ ӘНІ

Ұлымын кең даланың ескен желдей,
Еңбегім – өмір сәні құлаш сермей.
Өскенмін жылқы ішінде, ат үстінде,
Жанымды жалын жастық оты тербей.
Ен далам жер сұлуы көлбеп жатқан,
Көңілім арғымақтай өрге шапқан.
Ішінде көп жылқының ән саламын,
Беткейін әйдік алқап түгел жапқан.
Қиқулап сәйгүліктер қайырғаным,
Баққаным колхоз малы – өзім малым.
Көтеріп өлеңменен жайлауымды
Салатын осы менің байырғы әнім.
Білемін әр кездегі жылқы сырын,
Көргенмін жарқын жазды, қыс қысымын.
Тарту боп Отанына арналады,
Әні де еңбегіндей жылқышының.





Пікір жазу