meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  130


Автор: Жасұлан СЕРІК

Жарасына кеудем жар салып ем іздегені...

Жарасына кеудем жар салып ем іздегені,
Жағаға қарай лақтырар теңіз кемені.
Кейбір достарым кей сәтте қателік қылып,
Махаббат пенен достықты егіз көреді.
Жанымның ауыр мұңдарын оятқан қайғы,
Құмарлықпенен кеудеңде тоят болмайды.
Достықтың соңы ұласар ақ махаббатқа,
Махаббат бірақ достықпен аяқталмайды.





Пікір жазу