12.07.2022
  107


Автор: Жасұлан СЕРІК

Сені сүю Алладан маған нәсіп...

Сені сүю Алладан маған нәсіп,
Сен жүре бер жер бетін аман басып.
Есіңде болсын, жаным, бір жігіттің,
Бар екені мәңгілік саған ғашық.
Еске алып Сезім – атты өлкені мың,
Ішімді оттай шарпып өртеді мұң.
Мен сенің кеудеңдегі жүрегіңнің,
Жартысы болғым келед, ерке гүлім.
Еркетай, түсемін бе шырғалаңға?
Жүрек үнім құлаққа тыңдалар ма?
Жалғыз өзім жүргендей сезінемін,
Осынау түбі шексіз бұл ғаламда.
Жанарыңа нұр беріп жүрегімнен,
Тамағыңнан иіскер күн болар ма?





Пікір жазу