12.07.2022
163
Өкпелеме, өкпе деген жай ғана...
Өкпелеме, өкпе деген жай ғана,
Ал сен мені сүймейді деп ойлама.
Білесің бе, сыр айтқанмын қанша түн,
Өзің жайлы жұлдыз бенен айға да.
Ренжіме, ренжу деген жат қылық,
Жат қылықтан таба алмаспыз тәттілік.
Мен өзіңді сүйе берем, сен маған,
Қанша жерден көрсетсең де қаттылық.
Мұңаймашы, мұң дегенің қайғы ауыр,
Сол қайғыға ноқтасымен байлану.
Маған деген ақ сезімің кешегі,
Қайда кетті, сені тастап қайда жүр?!