12.07.2022
  112


Автор: Жасұлан СЕРІК

Жұпарын шашқан гүл едің жалғанға мынау...

Жұпарын шашқан гүл едің жалғанға мынау,
Ашпаған әлі қауызын адал арына.
Сол жұпарыңды талайлар армандап жүр-ау,
Түйіп қояйық ақ жаулық орамалыңа!
Кірпігіңе келіп байланған бес күнім менің,
Жүрегім сені қалайды – шындығым, барым.
Естелігі етіп сырымды ескі күндердің,
Жолыңа құрбан қыламын бір күні бәрін!





Пікір жазу